Шығыс Қазақстан облысы денсаулық
сақтау басқармасы «Семей қаласының
тері-венерологиялық диспансері»
коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Тіркеу орны: 8 (7222) 52-18-21
Стационар: 8 (7222) 77-40-62
Аурухананың қабылдау бөлімі:
        8 (7222) 63-11-15

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы «Семей қаласының тері-венерологиялық диспансері» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Тіркеу орны: 8 (7222) 52-18-21
Стационар: 8 (7222) 77-40-62
Аурухананың қабылдау бөлімі: 8 (7222) 63-11-15

Жаңалықтар
14.11.2016

"Семей қаласының Тері - венерология диспансері" КМҚК әкімшілігі мен ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарын…

Басшының блогы
Басшыға жазу
Байланыстар
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Шығыс – Қазақстан облысы , 071400, Семей қ-сы, ГенералБеспаев көшесі, 26 үй
E-mail: kozhven_semey@mail.ru
Басшының қабылдау бөлмесі: 8 (7222) 52-34-58
Тіркеу орны: 8 (7222) 52-18-21
Стационар: 8 (7222) 77-40-62
Аурухананың қабылдау бөлімі: 8 (7222) 63-11-15
Сенім телефоны: 8 (7222) 36-10-38
Пайдалы сілтеулер

МӘМС

Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандыру дегеніміз не және қанша төлеу қажет?

Қазақстан Республикасында МӘМС 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты орны мен табысына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмек бойынша тең дәрежеде қолжетімді көмек алуына кепілдік береді.

Кім және қаншадан төлейтін болады?

Егер қысқаша айтсақ, Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет, жұмыс берушілер, жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлейтін болады. Кім, қанша және қашан төлейтінін анықтайтын болсақ...

Мемлекет халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына төлейтін болады. Жарнаның ең соңғы мөлшері еліміз бойынша орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Бұл сандар көлемі  2018 жылы 4 пайызға, 2019 жылы 5 пайызға, 2014 жылы 6 пайызға және 2025 жылдан бастап  7 пайызға сатылай   өсетін болады.

Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлеріне төлейтін болады. Жарналардың ең соңғы мөлшері еңбекақы төлеу қорының 5 пайызын құрайды. Бұл сандар көлемі де: 2017 жылы 2 пайызға, 2018 жылы 3 пайызға, 2019 жылы 4 пайызға және 2020 жылдан бастап 5 пайызға сатылай өсетін болады. Жарналар корпоративтік кіріс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады?, сондықтан нақты жүктеме барынша аз болады.

Қызметкерлер өздері үшін төлейтін болады. Жарналардың ең соңғы мөлшері табыстың 2 пайызын құрайды. Жарналар кезең-кезеңімен өсетін болады: 1 пайыз мөлшеріндегі алғашқы төлемді қызметкерлер 2019 жылы аяқтаса, 2020 жылдан бастап оның мөлшері 2 пайызды құрайды. Жарналар жеке кіріс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке меншік нотариустар, адвокаттар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) өздері үшін төлейтін болады. Жарналардың ең соңғы мөлшері табыстың 7 пайызын құрайды. Сандар келесі пайыздарға кезең-кезеңімен жететін болады: 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 5 пайыз және 2020 жылдан бастап 7 пайыз. Пайыздар алынатын сома 15 ең аз мөлшердегі жалақыдан аспайтын болады. Корпоративтік кіріс салығын есептеу кезінде жарналар шегерілетін болады.

Жарналарды кімдер төлемейді?

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

МӘМС жағдайында қандай медициналық қызметтер көрсетілетін болады?

Медициналық қызметтің екі пакеті болады. Біріншісі - еліміздің барлық азаматтарына мемлекет ұсынатын ең аз мөлшердегі базалық пакет. Оларға мыналар кіреді:

- Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

- Әлеуметтік мәні бар аурушаңдықтар кезінде және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;

- Профилактикалық екпелер;

- Амбулаторлық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып көрсетілетін амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін);

Екінші пакет сақтандырылған азаматтарға арналып белгіленген МӘМС жағдайында ұсынылатын медициналық қызмет және оларға келесілер жатқызылады:

- Амбулаторлық-емханалық көмек – емханаларда ем алу, дәрігерлердің қабылдауы, диагностика және манипуляциялар

- Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емделу;

- Стационарды алмастыратын көмек – күндізгі стационарларда емделу;

- Жоғары технологиялы медициналық көмектер - аса ауыр және уникалды медициналық технологияларды қолдана отырып орындалатын медициналық көмек;

- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде;

- Мейірбике күтімі – ауруға шалдығу салдарынан тұрақты түрде өзгенің күтімі мен қарауын қажет ететін өз өзіне қызмет көрсетуге қабілеті жоқ тұлғаларға көмек көрсету;

- Паллиативті көмек – сырқаты емделмейтін, өміріне қауіпті және сырқаты ауыр түрде өтетін науқастардың өмір сүру сапасының деңгейін ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету

Сіздерге МӘМС нені ұсынады?

  1. Қолжетімді ем алу

Сіздің өз қалауыңыз бойынша кез-келген мемлекеттік немесе жеке меншік клиникада медициналық көмек алуға құқығыңыз бар. МӘМС пакетінің шеңберінде Сізге дәрігердің қабылдауынан бастап жан жақты тексерулер мен қымбат тұратын операцияларға дейін барлық қызметтер көрсетілетін болады. Олар бойынша барлық шығыстарды Қор төлейтін болады.

  1. Сапалы медициналық көмек

Әрбір клиника Сізге жоғары білікті көмек көрсетуге мүдделі болады. Енді ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне кіретін сапалы қызметтері үшін Қордан ақша алатын болады, олар: нақты диагностика, жақсы емдеу, уақытында оңалту, тәжірибелі медперсоналдар жүзеге асыратын мейірбике күтімі.

  1. Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмек

Сіздің мемлекет белгілеген аурушаңдықтар түрлері бойынша тегін дәрілік заттарды алуға құқығыңыз бар. Сіздің бұл дәрілерді  олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздің барлық дәріханаларынан сатып алуыңызға болады. Қор дәріханалар қызметінің ақысын өзі төлейтін болады.

  1. Сіздің құқықтарыңыз бен мүддеңізді қорғау

Егер Сіз емдеуден бас тарту немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болсаңыз Сіз Қорға хабарласа аласыз және ол Сізді және Сіздің мүддеңізді  қорғайтын болады. Қор клиникаларға қатал іріктеу жүргізіп, қызметтің көрсетілу сапасын қатты бақылап, Сіздің өтініштеріңіз бойынша тексерулер тағайындап, шаралар қолданатын болады.

  1. Өз денсаулығыңыз жайлы толық ақпарат алу

Жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастырылатын болады, осының шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Онда Сіздің емханағаларға келгеніңіз, стационарлардағы емделулер, тексерулер мен талдаулар нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары мен берген ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады.